БастыСаясат

Абай облысы Жарма ауданының әкімі тағайындалды

Абай облысы Жарма ауданының әкімі лауазымына Жарқынбек Борашұлы Байсабыров тағайындалды, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Атап айтқанда, 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін аяқтаған. «Құрмет» орденінің иегері. Еңбек жолын 1992 жылы «Калинин» калхозында бастады. 1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы, 2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған. 2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2017-2021 жылдары Абай ауданын басқарған. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі болды.

Back to top button