
Интернет ғасырында – дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік медиа бүгінде негізгі ақпарат көздеріне айналғаны анық.
Өңірлердің және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өткен кеңейтілген отырыстың бірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырды. Президент қарапайым адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын білу және оған уақтылы жауап беру өте маңызды екенін атап өтті. «Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару», – деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды. Бұл әрбір шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек дегенді білдіреді. Президенттің тапсырмасын назарға ала отырып, облыстағы қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің рейтингі өткізілді. Аталмыш рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты «Абай Ақпарат» редакциясының ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындады. Рейтинг аудан әкімі мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділіктері бойынша арнайы әзірленген критерийлер формуласы бойынша есептелді.
ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ БОЙЫНША РЕЙТИНГІ (ҚАЗАН АЙЫ БОЙЫНША) Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.
Бірінші үштік рейтинг көшбасшылары:
1) Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов
2) Жарқынбек Борашұлы Байсабыров
3) Нұржан Тлеужанұлы Тоқсеитов
Орташа рейтинг:
4) Талғат Батырұлы Мұратов
5) Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов
6) Сейілбек Абиұрұлы Ысқақов
7) Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев
Аутсайдерлер:
8) Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин
9) Олег Васильевич Чугунков
10) Асхат Сайдахметұлы Смаилов
Abaynews.kz