Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысында депутаттық корпустың бірауыз шешімімен мәслихат хатшысы қызметіне Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы сайланды.
Ол осы уақытқа дейін «Шалабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
Қуаныш Сүлейменов 1973 жылдың 14 қыркүйегінде бұрынғы Семей облысының Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанады.
Abaynews.kz