Абай музейінде “Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға” көрмесі ашылды

Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік мұражай-қорығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Қостанай облысы мәдениет басқармасының “Жангелдин мұражайларының Торғай кешенімен” бірлесіп ұйымдастырылған “Ұлттық ұлықтаған ұлы тұлға” атты жаңа көрме ашылды, – деп хабарлайды Abaynews.kz.
Бұл мәдени шара 2019 жылы музейлер арасында қол қойылған шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізіледі.
“Жангелдин мұражайларының Торғай кешені” Ы.Алтынсариннің мемориалдық-педагогикалық музейі, А.Байтұрсынұлының әдеби музейі және де Торғай өңірінің тарихы мен мәдени өмірін дәріптейтін бірқатар мәдени нысандарды біріктіреді.
Музейдің жаңа көрмесінің қонақтары – зиялы қауым өкілдері мен Семей қаласының мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, сондай – ақ оқу орындарының студенттері бірегей экспонаттарды – Ахмет Байтұрсынұлының жеке заттары мен кітаптарын көруге, оның өмірі мен шығармашылығы туралы көп білуге мүмкіндік алды.
Жақында Семей қаласында өткен Еркеғали Рахмадиев атындағы республикалық композиторлар байқауында жүлделі орындарға ие болған Айдана Бауыржанұлы мен Береке Слямкул, қалалық мәдениет сарайының әншілері Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін және “Абайға арнау” әнін орындады.
Abaynews.kz