Абай облысы

Семей билігі ЕҚДБ-ны қаржыландырудан бас тартты

Полигон мен қоқыс сұрыптау желісін салуға кредиттік қаражат алынбайды. Жобалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.

“Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ-не жауап бергендей, Семей әкімдігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен қол қойылған кредиттік шартты бұзу рәсіміне бастамашылық жасады. Семейде және Абай облысының 7 ауданында қоқыс полигондары салынады. Жобалардың жалпы құны 11 млрд теңгеден асады.

“ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде құрылыс жоспарланған. Жобаны іске асырудың алдын ала құны 3 830,0 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыстың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес облыстың 7 ауданында 28 ҚТҚ полигонын салу жоспарлануда, оған 2024-2025 жылдар аралығында 7 378,7 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда. Жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес, Семей қаласында ҚТҚ жаңа полигонын салу 2024-2025 жылдары жоспарланған. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес полигон аумағында келіп түсетін Қоқысты сұрыптау бойынша желіні орналастыру үшін құрылыс салу көзделетін болады”, – деп түсіндірді басқармада.

Бұл ретте, қоқыс шығару тарифін көтеру мәселесі қаралмайды, деп толықтырды Мемлекеттік орган. Қазіргі уақытта абаттандырылған үй құрылыстары үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тариф 420 теңгені құрайды.

inbusiness.kz

Back to top button