Экономика

2023-2024 жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Бүгін жылыту маусымына дер кезінде дайындалу мақсатында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов көшпелі жиын өткізіп, жылу магистральдарын қайта жаңғырту пункттерін аралады. Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары, «Теплокоммунэнерго» директоры, мердігер ұйымының өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сондай-ақ, қала басшысы Ғаббасов, Центр, РК-3, Қарағайлы ПНС-3 жылу қазандықтарына барып, қысқы маусымға дайындық жұмыстарын тексерді.

Семейде жылу желілерін қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы ұзындығы 3 761 м болатын ОЖП-518 кварталішілік жылу желілерін және ұзындығы 3 915 м болатын ОЖП-401-ні қайта жаңартуға бюджеттік өтінім қолдау тапты.

Би-Боронбай және Физкультурная көшелеріндегі жобаларды жүзеге асыру сол жағалаудағы тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды сапалы орындау үшін қалалық әкімдік қызметкерлері тұрақты мониторинг жүргізеді.

Жылу жолдары нүктелерін аралаған қала әкімі мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытында атқаруды қатаң тапсырды.

«Өткен қыс айларында жылу беруден проблемалар болғаны рас, жедел ден қоюдың арқасында дер кезінде шаралар қабылданды. Биыл олқылықтардың алдын алуымыз керек. Бұдан бөлек, жылыту қазандықтарындағы жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге аяқтап, жылу желілерін тексеруді ертерек қолға алуды тапсырамын», – деді Нұрбол Нұрсағатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі

Back to top button