БастыҚоғамМәдениет

Абай шаңырағында “Музей түні” аталып өтті

Абай шаңырағында “Музей түні” аталып өтті,  деп хабарлайды Abaynews.kz

Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік музей-қорығында Халықаралық музейлер күніне орай “Желсіз түнде жарық ай” атты шара ұйымдастырылды. Кеш Шығыс Өңірлік қолбасшылығы оркестрінің орындауындағы композициялық шығармалармен басталды. Сондай-ақ, “Отан” таэквандо клубының жекпе-жек өнері мен Шәкәрім университетінің “Шәкәрім АРТ” ұлттық киімдер дефилесі де көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

– Бүгін Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Абай музейінен орын алған Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспозициялары мен Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына арналған “Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын” және Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығы мен “Абай жолы” роман-эпопеясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған “Абай жолы:паш еткен әлемге” көрмелерімен таныса алады,-деді музей директоры Тұрдықұл Шаңбай.

Айта кетейік, шара кешкі сағат 18.00- ден 23.00-ге дейін жалғасты.

Abaynews.kz

Видео @abai_ainasy

Back to top button