Семейдің тарихи-өлкетану музейінде “Музей түні” акциясы өтті, деп хабарлайды Abaynews.kz
Мұражай аумағында қолөнер шеберлерінің бұйымдарының көрме-сатылымы және “Тымақ ұру”, “Санамақ”ұлттық ойындары ұйымдастырылды.
Алайда, келушілердің көпшілігін ретро техника көрмесі таңқалдырды. Мұражайдың ауласында өткен ғасырдың ескі теледидарлары, магнитофондары, телефондары мен радиолары қойылды.
Акция барысында “Прииртышье” өлкетану қоғамының өкілдері салтанатты түрде мұражайға өлкетанушылар соңғы экспедиция кезінде тапқан ескі ыдысты сыйға тартты.
Сонымен қатар, мұражайда “Семей: ғасырлар бойы”фотокөрмесі көрсетіліп,
“түрлі экскурсиялар, викториналар мен жарыстар өткізілді.
Қалалықтар музейдің экспонаттарымен танысып қана қоймай, өнер ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарласына да көзайым болды.
Abaynews.kz