БастыҚоғамТуризмЭкология

ШҚО-да демалыс базасы өртенді

Глубокое ауданында орналасқан демалыс базасындағы үйлердің бірі өртенді, деп хабарлайды Abaynews.kz.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое ауданында орналасқан демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел келіп жеткен құтқарушылармен 210 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске ТЖД жеке құрамнан 16 адам және 3 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Back to top button