Шығыс Қазақстанда ацетилен баллондарын тиеген көлік өртенді, деп хабарлайды Shygysnews.kz
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 ақпанда сағат 21:00 шамасында Өскемен-Семей тасжолында, Таврия ауылынан 20 шақырым жерде СКАНИЯ жүк көлігі өртенді.
Оқиға орнына 38-ӨСБ құтқарушылары келіп жеткенде, ацетилен баллондарын тиеген автокөлік қызыл жалынға оранған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы қозғалысты уақытша тоқтатты. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық – құтқару пунктінің дәрігерлері барды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ. Көлік жүргізушісі де аман.
Баллондардың жарылуына байланысты өртті дереу сөндіру мүмкін болмады. ТЖД өрт сөндірушілері алдымен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып қашықтықта болды.
Жарылыстар тоқтаған кейін, 22 сағат 35 минутта тілсіз жау ауыздықталды.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 6 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.
@shygysnews