Абай облысы

Ақсуат ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Бүгін Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28-наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ, қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні 19:45 -те Боғас өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Уаң ауылының ауданында орналасқан бөгеттінің шайылуына байланысты тұрғын үйлер мен аула құрылыстарын су басу қаупі туындады.

Ақсуат ауданы Уаң ауылынан 25 адам, оның ішінде 5 бала алдын ала,қашықтығы 2 шақырым құрайтын Жантікей ауылының Қ. Сәтбаев атындағы орта білім беру мектебінің ғимаратына, көшірілді.

Ауылдың шетіне 400 бас мал (300 бас ІҚМ, 100 бас ұсақ мал) айдалды.

ТЖД күштерімен (25 адам,3техника), ЖАО (2 адам,1 техника), ПД(1 адам, 1 техника), бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.

Back to top button