Саясат
Үржар ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Іс-шара барысында аудандық 14 жұмыс берушіден 20 бос жұмыс орын ұсынылды. Жәрмеңкеге 25 жұмыс іздеуші қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесу болып табылады.
Үржар ауданының Мансап орталығының мамандары азаматтарды жұмыспен қамтуды бағытында арнайы іс-шаралары жоспарын кеңейте береді.