Саясат

Биыл облыста 5 спорт нысанын салу жоспарланған

Абай облысы әкімінің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды дамыту» туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов айтып берді.

2024 жылы облыс көлемінде 5 спорттық нысанның құрылысын бастау жоспарланған, бұдан бөлек 11 нысанның жобалық-сметалық құжаттамаға ЖСҚ әзірленуде. Бұл Курчатов қаласындағы ФОК, Шар қаласындағы бассейн, Бесқарағай ауылындағы бассейн, Бородулиха ауданының Петропавловка ауылындағы спорттық-демалыс орталығы, Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы стадион.

Бүгінде облыс көлемінде 23 спорт мекемесі бар. Оның ішінде 14-і балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, онда 648 жаттықтырушы 14 мыңнан астам спортшыны жаттықтырады. 2023 жылы 120-дан астам спорттық іс-шаралар өткізілді.

Бұдан басқа, өңірде «Даму бала» электронды платформасында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы жұмыс істейді. Соның арқасында өткен жылы 3 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларымен қамтылған. 2024 жылы 4 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Жалпы облыста спорттың 58 түрі дамыған, соның ішінде өз қызметін 46 аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асырады. Республика құрама командасына әртүрлі спорттан Абай облысынан 250 спортшы, оның 98-і олимпиадалық спорт түрлерінен өнер көрсетеді.

Абай облысының спортшылары республикалық және халықаралық аренада жоғары дәрежеде өнер көрсетуде. 2023 жылы республикалық деңгейдегі жарыстарда барлығы 2405 медаль жеңіп алды, оның ішінде 732 Алтын, 699 күміс және 974 қола. Халықаралық деңгейде 470 медаль алды, оның ішінде 126 алтын, 142 күміс және 202 қола.

Back to top button