Саясат

Қаржылық сауаттылықты бірге көтереміз!

Қаржы қызметтерін қарқынды дамытудың, бөлшек өнімдерді онлайн-форматта трансформациялаудың және басқа да жаңа инновациялық технологиялардың қазіргі жағдайында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңір тұрғындары арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тұрақты негізде семинар-дәрістер өткізеді.

Мәселен, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері “AMANAT” партиясының өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Семей қаласы бойынша “Отбасы банкі” АҚ филиалының қызметкерлері үшін, Семей қ. орта білім беру мектептерінің  9-11 сынып оқушылары үшін жылжымайтын мүлікті сатып алу қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, әлеуметтік желілерде, банктік қосымшаларды пайдалану кезінде және тағы басқалар туралы дәрістер өткізілді.

Бұл алдын алу жұмысы, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған және әртүрлі алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендердің санын азайтуға көмектеседі.

Мұндай бірлескен жұмыс Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алудың және азаматтардың жаңа қаржылық мақсаттарына қол жеткізудің кілті деп үміттенеміз!

Back to top button