Спорт

Мұратбек Жұманбаев еске алуға арналған волейболдан ІІ республикалық ашық турниры өтті

Кеңгірбай би ауылының жастарының ұйымдастыруымен, Абай ауданы әкімдігінің қолдаумен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органында қызмет атқарған, полиция капитаны Жұманбаев Мұратбек Оралбекұлын еске алуға арналған волейболдан ІІ республикалық турниры өтті.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген Қарауыл командасы – 1 000 000 теңге, екінші орын иеленген Кеңгірбай би командасы – 300 000 теңге, үшінші орын иеленген Семей көркем командасы – 200 000 теңге жеңіп алып, марапатқа ие болды.

 

Back to top button