ҚоғамСемей

Семейде күн сайын арықтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапарымен Мирный және Контрольный кенттеріне барып, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту жұмыстарының барысын бақылады.

Көшпелі кеңеске Семей қаласы ТЖД басшылығы, ТКШ бөлімінің өкілдері, мердігер ұйым және жергілікті тұрғындар қатысты.

Сапар барысында ең алдымен қала басшысы Мирный саяжай массивіне барды. Мирный кентінің саяжай ауданында 20-ға жуық бұлақ бар. Негізгі арық арқылы өтетін барлық бұлақ сулары Ертіске ағады. Мирный саяжайларының басым бөлігі жазғы қоныстануға арналғандықтан, қыс мезгілінде халық аз шоғырланады. Күтіп ұстау жұмыстарымен саяжай коперативінің төрағасы Ирина Викторовна айналысады.

“ТКШ бөлімінің мамандары күнара келіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексереді. Арықтардағы су көтерілген жағдайда біз бірден мердігерлерге жүгінеміз. Биылғы жылы массивтегі үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Әкімдік пен мердігерлерге рахмет, жағдай жақсарды”, – деді Ирина Пимахина.

Сонымен қатар, Нұрбол Нұрсағатов Подхозная, 6 Загородня, сондай-ақ Контрольный кентінде болды. Жұмыс қорытындысы бойынша өрттің алдын алу, жергілікті тұрғындардың аулаларынан су бұру бойынша жаңа арық желілерін жобалау мақсатында қамыстан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілді.

Back to top button