Көкпекті ауданында спорт қарқынды дамып келеді

Көкпекті ауданында қысқы спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру жұмысы ұйымдастырылды. Жалпы ауданда хоккей және шаңғы жарысы бағытында ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында спартакиада, жолдастық кездесулер белсенді өтіп жатыр.
Қазіргі таңда аудан мектептерінде 50 жұп шаңғы, 44 дана коньки және 61 хоккей формасы бар. Сондай-ақ, 18 білім ошағында 10 хоккей алаңы, әр ауылда шаңғы қорабшасы орналасқан.
Ауданда балаларды спортқа баулумен үш мекеме айналысады. Ұлттық спорт ойындары орталығындағы 7 үйірмеде 60-тан астам бала ұлттық ойындарға қатысады. Сонымен қатар, балалар шығармашылық сарайының 4 спорттық үйірмесінде 100 аса бала білім алса, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім жаттығады.