ҚоғамМәдениет

«Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті

Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. Олардың ішінде:

  • Жыл волонтері:
    Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы,
    Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.
  • Жыл көшбасшысы:
    Абдураимов Алиби Батыржанұлы.
  • Жылдың үздік жастар ұйымы:
    «Абай Жомарт жастары»;
    «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.
  • Жылдың жас еңбек адамы:
    Әлихан Мират Қайырбекұлы,
    Головнев Иван Сергеевич.
  • Жылдың жас таланты:
    Жақанов Баян Бағдатұлы.
  • Жылдың жас отбасы:
    Сағатбековтер отбасы.
  • Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:
    Үржар ауданы,
    Абай ауданы.

Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы – 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.

 

Back to top button