Саясат

Әкімдер сайлауы аяқталды

Қарашаның 5 жұлдызы күні Қазақстан бойынша пилоттық режимінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтті.

Абай облысында Абай ауданы мен Курчатов қаласында сайлау өткізілді. Аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылар тізіміне 15 528 азамат енгізілген. Дауыс беруге –  10 277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 6, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 863 қатысты. Кандиданттардың жалпы саны – 4.

Сайлау комиссияның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, елорда уақытымен 7:00-ден бастап аудан бойынша 13 сайлау учаскесі жұмыстарын бастаған. Барлық сайлау учаскілерінде мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалды.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау кешкі сағат 20:00-де аяқталды. Барлық сайлау учаскесінде бюллетендерді санау жұмыстары жүргізіліп, әкімдер сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

 Курчатов қаласы бойынша

Абдралиев Болат Тансыкбаевич үшін сайлаушылардың 3 733 дауысы берілді,

Хусайнова Галия Маратовна үшін сайлаушылардың 732 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 463.

Абай ауданы бойынша

Сагындыкова Нургуль Максутовна үшін сайлаушылардың 827 дауысы берілді,

Смагулов Мейржан Серикбосинович үшін сайлаушылардың 3 766 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 282.

Сайлау қорытындыларымен  әкім болып сайланғандар:

Курчатов қаласы бойынша – Абдралиев Болат Тансыкбаевич сайланды, 1976 жылы туған, Курчатов қаласының әкімі, Курчатов қаласы.

Абай ауданы бойынша – Смагулов Мейржан Серикбосинович сайланды, 1987 жылы туған, Абай облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары, Абай ауданы;

Абай облысы

аумақтық сайлау комиссиясы

Back to top button