ОСЫДАН ТУРА 1 ЖЫЛ БҰРЫН НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БОЛАТЫН.

Бір жылда атқарылған бірқатар жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз:
✔️ Биыл Семейде 20 көпқабатты бюджеттік тұрғын үй және 28 коммерциялық үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
✔️2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 17 көпқабатты тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысы аяқталады.
✔️Жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көп балалы отбасыларға тұрғын үй беріледі.
✔️ «Абай жастары» бағдарламасы аясында 40 жас баспаналы болды.
✔️ 41 көпқабатты үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.
✔️ 8 көпқабатты үйдің қабырғаларына және жерасты өткелдеріне муралдар салынды.
✔️ Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Семей қаласы бойынша арнайы QR – коды бар 5 600 көше тақтайшасы жаңартылды.
✔️ Биыл жалпы ұзындығы 60 шақырым 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.
✔️ Биыл жалпы ұзындығы 13 шақырым 5 ауылға кірме жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.
✔️ “Омбы-Майқапшағай” тас жолынан Энергетик ауданындағы «Северный» сауда – логистикалық орталығына дейін жол салынуда.
✔️ Биыл 1960 жаңа жол белгілері орнатылды.
✔️ Жаяу жүргіншілер өткелдерінде 27 дана «Қорғау» жол белгілері орнатылды.
✔️ 3 жерасты өткелі күрделі жөндеуден өтті, 5 жерасты өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қабырғаларға Абай облысының келбетін бейнелейтін фрескалар салынып, жарықтандыру орнатылды. Барлық өткелдерде «Сергек» камералары орнатылып, ПБ балансына берілді.
✔️ 110 жаңа металл аялдама павильондары орнатылды. Қолданыстағы 250 аялдама павильонына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
✔️ Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 71 аула аумағы жөнделді.
✔️ Биыл қаланың орталық бөлігінде және шетінде бірнеше қоғамдық кеңістіктер пайдалануға беріледі.
✔️ Қала аумағында контейнерлік 200-ден астам алаң жабдықталды. Жаңа стандарттарға сәйкес келетін 2000-ға жуық қоқыс контейнерін сатып алды.
✔️ Заңсыз қоқыс орындарын анықтау мен оған тәртіптік жаза қолдану белсенді жүргізілуде.
✔️ Биыл қаланың орталық және шеткі 50 көшесі жарықтандырылды.
✔️ Ағымдағы жылы 45 шақырым жылу желілері жөнделді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттылық 15% төмендеді.
✔️ 2000-нан астам адам қала әкімінің жеке қабылдауында болды.
✔️ Ағымдағы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектептің және «kazminerals» АҚ демеушілігімен Заря ш.а. бір мектептің құрылыс жұмыстары басталды
✔️ Қарағайлыда нефрология орталығының құрылысы жүруде
✔️Семейде дағдарыс орталығы ашылды
✍🏻 Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі