Оқиға
Автокөлік жүргізушісі ойын алаңында тұрақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Автокөлік жүргізушісі әлеуметтік желідегі видеодан кейін Семей қаласындағы ойын алаңында тұрақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды
Көптеген пайдаланушылар әлеуметтік желілерде ер адамның ойын алаңына кіріп, көлігін қойған бейнегежазбаға полицияны белгілеп өткен.
Аталған факті бойынша Абай облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тексеру жүргізді. Оқиғаға кінәлі 42 жастағы “Toyota Camry”көлігінің иесі анықталды. Ол 597-бабы, 2-бөлігі “көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу” бойынша жауапқа тартылды.
Осы баптың санкциясымен он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Абай облысы Полиция департаменті мұндай мінез-құлыққа жол бермеу туралы еске салады.