Балалық шақ – ертегі әлемі!

Семейде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде
⠀
Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 20-ға жуық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламалар қаланың орталында ғана емес, шеткері аумақтарын да қамтиды.
⠀
“Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Балалық шақ – ертегі әлемі!” атты мерекелік шара өтті.
⠀
«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай арнайы ұйымдастырылған шараға Семей қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С. Жумадилов қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
⠀
«Жаздың күні қандай жайдары болса, бұл мереке де сондай шұғылалы болуы керек. Баланың жүзін кірбің шалмауы – барлық ата-ананың басты арманы болса, ал мемлекеттің негізгі міндеті. Балаларға тек мереке күні ғана емес, жылдың әр күнінде көңіл бөліп, қорғауымыз қажет» – деп атап өтті С. Жумадилов.
⠀
Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп балалармен ойындар ойнап, би билеп іс-шараны қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.