Абай облысы
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Абай облысының кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

06.03.2023 жылы Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Абай облысының кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Кәсіпкерлерге көрсетілетін қандай да бір қысымды азайту және қауіп-қатерді төмендету, қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тарту фактілерін болдырмау мәселелері талқыланды. Кездесу барысында тараптар, талдау, бағалау және одан әрі ынтымақтастықта болу мақсатында, облыс кәсіпкерлеріне сауалнама жүргізу туралы келісімге келді.