Абай облысыБастыСаясатСемей

Абай атындағы драмтеатр Атырауда өткен IV республикалық фестивальда жүлделі орын иеленді

Атырау қаласында өткен Рахымжан Отарбаев драматургиясының IV республикалық фестиваль форумында Абай атындағы мемлекеттік музыкалық драма театры жүлделі ІІ орынды иеленді, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Фестивальға 6 кәсіби театр ұжымы қатысты. БҚО Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры «Жәңгір хан» драмасын, Шымкент қалалық «Қуыршақ және жасөспірімдер театры» «Шыңғысханның көз жасы» драмасын, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық Семей драма театры – «Мұстафа Шоқай» драмасын, ШҚО драма театры «Көлеңке» драмасымен, Ақмола облыстық орыс драма театры «Бейбарыс» драмасын және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасын  ұсынады.

Abaynews.kz

Back to top button