Семейде “Радуга над Иртышом” кітабының тұсаукесері өтті

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінде “Радуга над Иртышом” кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Abaynews.kz.
Олег Алексеевич Ратушнов Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінде жұмыс істеді, «№6 Палата» тобында бас-гитарада ойнады, өнер көрсетті, кейін дыбыс жазу студиясында, балалар мен жастардың шығармашылық сарайында жұмыс істеді. Ол адамның бойында қай талантының басым болғандығын нақты айта алмаймыз. Олег көзі тірі кезінде «худграф» түлектері туралы кітап жазуды армандаған. Енді, жылдар өткен соң, оның досы Сатбек Кәрібжанұлы Ракишевтің арқасында бұл арман орындалды.
«Суретшілер-ерекше адамдар. Олардың денелері жерде болса, санасы – ғарышта» — деді суретшінің досы. Невзоровтар отбасы музейінде өткен Семей педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультеті түлектерінің кітап-вернисажы осы адамға арналады. Кітапта он екі факультет түлектерінің жұмыстары ұсынылған, олардың бірі Олег Алексеевич Ратушнов болды. Оның парақшасында суретшілердің суреттері, досы, әріптесі туралы олаодың естеліктері, өлеңдері бар.
Abaynews.kz