
Медициналық сақтандыру қоры Абай облысының халқын оңалту қызметтеріне ақы төлеуге шамамен 2 млрд теңге бағыттады, деп хабарлайды Abaynews.kz
Олардың барлығы тәуліктік және күндізгі стационарларда өтті, өңірде 20 медициналық мекеме оңалту және қалпына келтіру емі бойынша қызмет көрсетеді.
Абай облысының “ӘМСҚ” КЕАҚ филиалының (бұдан әрі-Қор филиалы) баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері МӘМС аясында 9 ай ішінде АӨК деңгейінде 633 мыңнан астам оңалту қызметі, барлық кезеңдегі күндізгі және тәуліктік стационарларда шамамен 2 млрд теңге сомасында қызмет көрсетілді.
“Медициналық оңалтудың маңыздылығын асыра бағалау қиын”, – деп атап өтті Қор филиалында. – Жарақаттар мен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегі ритмге және қалыпты өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек.»
Облыс халқы үшін медициналық оңалту амбулаториялық жағдайда қол жетімді – бұл туралы дәрігерлердің өз пациенттеріне жеткізуі өте маңызды.
“Біздің жұмысымыз, нақтылай келгенде, мүгедектікті азайтуға, оңалту көмегіне мұқтаж өңір тұрғындарын қамтуды ұлғайтуға бағытталған”, – деп атап өтті Қор филиалында.
Дәрігерлер сонымен қатар, адамдар емдеудің бұл кезеңін жиі елемейтінін, оңалту қымбат және бәріне қол жетімді емес деп теріс түсінетіндерін айтады. Бірақ медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың оң факторларының бірі – қалпына келтіру емін қаржыландыруды арттыру және пациенттердің оны алу мүмкіндігі болып табылады. Медициналық оңалту барлық МӘМС қатысушыларына қол жетімді.