Кеше Еуропа, Орталық Азия және Батыс Сібір аймағының тұрғындары табиғатта сирек кездесетін құбылыстың бірі – күннің тұтылуын тамашалай алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ай аспан денесін 60-80 пайызға жапты. Қазақстандықтар да ерекше сәтті қызықтады. Астанада күннің тұтылуы кешке таман сағат 17 сағат 17 минутта байқалды. Ал жұлдызнамашылардың айтуынша мұндай құбылыс қандай да бір жаңашылдықтың бастауын білдіреді екен.