Абай облысыБастыСемей

Семей әкімі Восход, Водный, Шығыс кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Нұрбол Нұрсағатов Восход, Водный, Шығыс кенттерінің тұрғындарымен кездесіп, бірқатар тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын алаңдататын жалпы қалалық мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті: жарықтандыру, жолдардың жай-күйі, жылыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоқыс шығару, қоғамдық көлік қозғалысы. Тұрғындардың шағымдарын тыңдап, әкім айтылған мәселелер негізінде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасы аясында қала шетінде орналасқан елді мекендерде әкімдік пен халық арасындағы байланысты арттыру үшін қала әкімінің өкілдері жұмыс істейтін болады. Осы мәселе бойынша қазіргі уақытта кандидаттар қаралуда.

Abaynews.kz

Back to top button