Абай облысыБастыМәдениетСаясат

Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне Достоевский Жұлдызы Ордені табысталды

21 қазанда Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі «Достоевскийдің Жұлдызы» атты орден табысталды, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Семей қаласындағы  Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі осы орденмен марапатталған алғашқы музей болды.

  • «Достоевский жұлдызын»  тапсыру Ресей Федерациясы үшін де, Қазақстан Республикасы  үшін де маңызды оқиғаға орайластырылған, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Айта кетейік, халықаралық марапатқа алғаш рет заңды тұлға ие болды. Бұған дейін бұл марапат Достоевскийдің шығармашылығын зерттеушілерге жеке-жеке берілді, ал биылғы жылы орден бүкіл мұражайға тапсырылды. Бастамашысы  – Федор Михайловичтің шөбересі-Алексей Дмитриевич Достоевский. Бұл идеяны алты мемлекет – Ресей, Қазақстан, Беларусь, Жапония, Аргентина және Германия ұсынған Халықаралық мәдени қоғамдастығы белсене қолдады. Мұндай іс-шаралар халықаралық аренада екіжақты байланыстарды дамытуға, музейлер мен кітапханалардың имиджін арттыруға ықпал етеді. Менің ойымша, қазіргі әлемде бұған жас ұрпақ арасында қол жеткізу өте қиын, – деді Өскемендегі РФ Бас консулдығының вице-консулы Маргарита Ардякова.

Құрмет наградасын тапсыру Республика күні мейрамы қарсаңында өтті.

  • Бұл оқиға екі елдің – Ресей мен Қазақстанның мәдениет саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі 51 жыл бойы ұлы жазушының шығармашылығын бағалайтын адамдардың еңбегінің орны болды. Жыл сайын музейге әлемнің түрлі елдерінен 17 мыңға жуық адам келеді, – деп атап өтті мәдениет, тілдерді дамыту архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Назира Ыдырысова.

Семей Қазақстанның тарихи, рухани-мәдени орталығы деп бекер айтылмаған. Бұған бай тарихи мұраның сақтаушылары – Абай облысында көптеген мұражайлар дәлел бола алады. Достоевский мұражайының директоры Ирина Соловьеваның айтуынша, Семейдегі музейлер – Абай облысының інжу-маржаны.

  • Бірақ Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі – Қазақстанның ең үздік музейлерінің бірі. Оның біз, семейліктер үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын  бағалау қиын. Сонымен қатар, бұл біздің қаламыздың ең жақсы жайлы орындарының  бірі, мұнда келу әрқашан жанға жағымды. Мұнда ерекше атмосфера, өз әлемі бар. Осының бәрі ұжымның еңбегі.  Өз ісіне өте адал адмадар, – деп сендірді Невзоровтар Отбасы бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары. Гүлнар Бүркітова.

Abaynews.kz

Back to top button