Абай облысыБастыСемей

Семей әкімі Дальний, Северный, Красный кордон аудандарының проблемаларымен танысты

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Дальний, Северный және Красный кордон аудандарын аралап, проблемалармен танысуда, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Жұмыс сапары барысында Нұрбол Нұрсағатов қаладағы арық желісін қайта құру жобасын әзірлеуді, бұрынғы аяқ киім фабрикасы ауданындағы кәріздің техникалық жай-күйіне зерттеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, ол Красный кордон ауданындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жер асты суларына гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, қаланың арық жүйесін күтіп ұстау және тазарту жөніндегі коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту және бақылау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, қала әкімі Северный және Дальний аудандарының негізгі көшелерінде көше жарығын орнатуға сметалық есептер дайындауды тапсырды.

Красный кордон және Энергетик шағын ауданында балалар ойын алаңдарын орнату бойынша орындалатын жұмыстардың сапасы жөнінде ескертулер жасап, бөлім басшысына мердігерлік ұйымдардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Abaynews.kz

Back to top button