Абай облысыБастыҚоғамОқиғаСемей

Семейде дүкен өртенді

Семей қаласының орталығында орналасқан дүкен өртенді, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қазанда түнгі сағат 02:00-де Дулатов көшесіндегі дүкенде өрт шықты.

“Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың жабындылары, тұрмыстық техника, сауда сөрелері, сондай-ақ іргелес қойманың шатыр жабындыcы отқа оранған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын 160 шаршы метр аумақта сағат 02:56-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда”, – делінген ведомство хабараламасында.

Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады!

Abaynews.kz

Back to top button