Абай облысының орталығында Ертіс өзені өткелінің құрылысы басталды.
Жергілікті билік өкілдері апаттық деп танылған ескі көпірді зерттегеннен кейін осындай шешім қабылдады. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар бірінші тірекке негіз дайындалу үстінде. Ұзындығы 810 метр болатын өткел төрт жолақтан тұрады. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілерге қызмет көрсетеді.
Нұржан Ескендіров, Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: – Келісім-шарт 30,3 млрд теңгеге жасалды. Қазіргі таңда оң жағалауда құрылыс алаңы дайындалып, кәріз жүйесі шығарылып жатыр. Жоба 2025 жылы аяқталады.
Хабар 24