БастыҚоғамҚылмыс

Абай облысының полицейлері «гастролер-ұрыларды» ұстады

Қазақстандық «Бонни мен Клайд» қылмыстық дуэті республика бойынша ұрлық жасаған. Абай облысының полицейлері бүкіл республика аумағында ұрлық жасап үлгерген «гастролер-ұрыларды» «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Abaynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық жұп аймақтарды аралап, зергерлік дүкендерде бірқатар ұрлықтар жасаған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына қаладағы зергерлік дүкендердің бірінің директоры хабарласып, белгісіз әйел сөреден құны 147 000 теңге болатын алтын алқаны жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, сондай-ақ дүкен сатушыларынан жауап алып, бақылау камералары тексерілді. Бейнежазбаларды зерделеп, күдіктелер ВАЗ маркалы автокөлікпен жүргенін анықтады.

«Ұстау» жоспары бойынша екі көпір де жабылып, нәтижесінде қылмыстық жұп «ізін суытпай» қолға түсті. Тергеу барысында сыбайластардың 34 жастағы Атырау қаласының тұрғындары екені анықталды. Олар пысықталған жоспармен Алматы, Шымкент, Талдықорған, Аягөз және Семей сияқты ірі қалаларда «жұмыс істеген».

“Қылмыстық топта әркімнің өз рөлі болған. 34 жастағы әйел зергерлік дүкендерге кіріп, аңыз бойынша, ол анасына сыйлық іздеп жүргенін айтып, , сатушы назары басқаға айналып кеткенде, бұйымды сөмкеге салып, күтіп тұрған көлікке мініп жасырынған. Облыс аумағында күдіктілер 7 ұрлық жасаған, оның 2-уі Аягөз ауданында жасалған. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 4 млн. теңгеден астам. Ұрланған алтынның бір бөлігін ломбардқа өткізіп үлгерген. Қазіргі уақытта Абай облысының жедел уәкілдері осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде, – делінген ведомство хабарламасында. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-баптың 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Осы баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Abaynews.kz

Back to top button