БастыМәдениет

Абай облысында көне мешіт қалыпқа келтірілді

Абай облысының Бесқарағай ауданында жүз жылдан астам тарихы бар көне мешіт қалпына келтірілді, деп хабарлайды  Abaynews.kz  “Хабар 24” сілтеме жасап.

Көп жылдар бойы қараусыз қалып, тоза бастаған ғибадат үйінің қайта жандануына бесқарағайлықтардың үлкен-кішісі бірдей атсалысты. 1905-1907 жылдар шамасында татар көпесі Сұлтан қажы Фазылбеков қарағайдан қиып салдырған нысанның тарихы да, тағдыр-талайы да, сәулеті де өзгеше. Ғимарат 1918 жылға дейін мешіт болған. Дінге тыйым салынған кезеңде кітапхана, мәдениет үйі, мектеп ретінде жұмыс істеген. Байырғы сібір-татар стиліндегі сәулет ескерткішінің құрылысына сол кездегі башқұрттың ең үздік сәулетшілері шақыртылған. Олар арнайы ерітіндіге малынған ағаштарды пайдаланған деген деректер бар.

Гүлшира Сапариева, Ақкөл ауылының тұрғыны: – Осы мешітті саларда жылқы 7 тиын, сиыр 1 жарым тиын, қой жарты тиын болған екен. Солтанғали қажы жас ағашты 7 жыл кептірген. Жаңбыр да тимеген, қар да, су да тимеген. Астының тасын судан алған, жалпақ тасты. Әне қандай әдемі қып қойды. Халыққа рахмет.

Abaynews.kz

Back to top button