Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы “Северный” сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш аумақта демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Болашақта мұнда “Энергетик” және “Қарағайлы” шағын аудандарының тұрғындары үшін халық тұтынатын тауарларды сату бойынша гипермаркет ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Abaynews.kz
Логистикалық орталықтың өкілдері қазіргі бір қатар проблемаларды атап өтті. Тұрғындарды тұрғын үйлерге тікелей жолдың болмауы қатты алаңдатады екен.
Сонымен қатар бүгін өңір басшысы азық-түлік және тауарларды сақтау “Jolaman” көтерме-тарату орталығында болды. Бағаны ұстап тұру үшін Семейде 5,5 мың тонна картоп пен көкөніске арналған “Jolaman” көтерме-тарату орталығы жұмыс істейді.
Негізгі көтерме қойманы сақтау аймағына бөлу бойынша монтаждау жұмыстары аяқталды. Мал сою цехы қайта құрылды, электр беру желісі салынды. Облыс әкімі кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, салалық басқармаларға бірқатар тапсырмалар берді.