Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Abaynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 30 мамырда сағат 12:30 шамасында Морозов көшесінде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 86 жастағы жүргізуші басқарған KIA көлігі Алтай көшесінен басты Морозов көшесіне шыға беріс бұрылыста 55 жастағы жүргізуші тізгіндеген жедел жәрдем көлігіне жол бермеген, нәтижесінде жедел жәрдем көлігі KIA көлігінің бүйіріне соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарында төрт адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жатқызылды.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.
Abaynews.kz